Кітап оқуға топ кеңестер
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып білуге.
Абай Құнанбайұлы
📚Кітап оқу — бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда бұл процесс ойлау қабілетті жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады.
Кітап әрбір адамның бойындағы шығармашылықты оятуға итермелейді.
📚жақсартады.
— Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды екен.
— Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды, минутына бар болғаны 180-200 сөз.
— Кітапты дәстүрлі түрде оқуда оны түсіну 60%-ды құраса, жылдам оқуда — 80% .
— Кітап оқу кезінде оқырманның көздері әр әріпті жеке сурет реітнде көрсетеді, ал ми оларды бір суретке біріктіреді екен.
Кітап әрбір адамның бойындағы шығармашылықты оятуға итермелейді. Сол себепті, оқырмандардың кітапқа деген махаббатын, қызығушылығын ояту үшін әрі кітапты таңдауда, оқуда қателіктер жібермес үшін бірнеше кеңестің тізімі.
✅Кітап оқуды әдетке айналдыру
Күніне кітап оқуға 1сағат арнау қажет, ал уақытыңыз болмаса кемінде 15 минут оқу керек. Сонда миыңыз тынығып сергіп қаласыз жәнеде сіздің тұлғалық дамуыңызға үлкен әсер етеді.