«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар

30.01.2024
26 қаңтар күні «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де “Функционалық сауаттылық тапсырмаларын пән мазмұнына кіріктіру” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. 

 

Мақсаты: білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану. Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.

 

Тақырып аясында тренинг, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучинг өткізілді.

Семинардың бағдарламасы негізінде «Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімдері  Ғазез Б.С. «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің рөлі мен қызметі» ,Икарқызы Қ. «Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім» , Хомыт А. «Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану» ;Кажымухан А. «Дыбыстық талдау»,Жантаева М.С. «Music»,

Жанарбекқызы Е. «Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы» тақырыптарына ашық сабақтар көрсетті.

Мектеп психологы Кучуков А.С. «Өз құндылықтарымызды бағалай білейік» атты тренинг өткізді.

Канафина Жанерке Сейденқызы «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізіп,заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті.

 

Бергенбай М. «Жаңартылған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында келген ұстаздарға шеберлік сабақ көрсетті.

 

Семинар соңында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ директордың м.а сөз алып, семинар қорытындысын жақсы деңгейде өткендігін атап өтті.

 

Қорытынды нәтижиесінде мектеп директоры Молдагулова А.И практиканы теориямен ұштастырып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

 
Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст