Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
2023 жылға қоғамдық талқылау
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- де 4 қызмет көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны 32 құрайды, оның ішінде:
- қағаз түрінде - 2
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 30
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 0
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де
4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» -20
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - 0
3. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» -9
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 2+1 (теріс дәлелді)
Халықты ақпараттандыру мақсатында білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің сайтында орналастырылған. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары берілген.
Сонымен қатар, қолжетімділік және халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында мектепте көрнекі ақпараттар (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) стендтер орналастырылған.
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында ережелер, стандарттар, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты орналастырылған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі бар. 2023 жылы мектепте мемлекеттік қызмет көрсету туралы халықты ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілерде бірнеше рет тиісті материалдар жарияланды.
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ай сайын 4 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі мониторинг бойынша жұмыс туралы есеп береді. 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері жоқ.
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-
де мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері бойынша ақпараттық стенд орнатылған. Тиімділік пен қолжетімділік мақсатында әрбір білім беру ұйымында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.
Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне, сапасы мен қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметті алушылардың жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер