Текст
19 наурыз күні сағат 11:00 де мектебімізде “Ұлы күні Ұлыстың, басы болсын ырыстың” тақырыбында жалпы мектептік мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік концерт мектеп басшысы Арнагүл Искеновнаның құттықтауы мен басталды. Кезекті сөз құрметті қонақтар кентіміздің әкімі Еркін Үсембайұлының құттықтауы, ауыл ақсақалы Болат атамыздың ақ батасымен жалғасты. Бұдан кейін әсем ән, би шашулармен жалғасты. 12:00 бастап әр сынып жеке ауыл болып, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлерді көрсетті. 13:00 бастап спорт залда ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.