2024 жылдың 26 наурыз күні 8-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік Абай оқулары байқауы өтті. Абай оқуларының мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру. Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлтттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқауға 8-10 сыныптарының мектепішілік кезеңіне 6 оқушы қатысты.
І. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.
1-орын: Тохтаубек Сайран 9 “А” сынып оқушысы
2-орын: Бахыт Жанылсын 9 “А” сынып оқушысы
3-орын: Абитаева Гульназ 9 “А” сынып оқушысы
ІІ. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
1-орын: Ауталив Асель. 9 “Ә” сынып оқушысы
ІІІ. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
2-орын: Бірлестік Мадина 9 “Ә” сынып оқушысы
ІҮ. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.
1-орын: Берденбек Ислам 9 “Ә” сынып оқушысы