Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізі. Осы орайда, біздің мектебімізде жаратылыстану-математика бірлестігінің "Lesson Study"жобасы бойынша отырысы өтті.
Зерттеудің мақсаттары:
— жаратылыстану пәндері бойынша сабақ жоспарлауда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының оқудағы белсенділігіне ықпал ету. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруде, білімін жетілдіруде, тәжірибе алмасуда өте тиімді зерттеу сабағы болып табылады.. Lesson Study тәсілін сабақта қолдану арқылы оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттырып қана қоймай, мұғалімдерге әріптестерінің зерттеу сабағын бақылауға, бақылау барысында жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, оны болашақта шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туады.