5 сәуір күні 5 сынып оқушыларымен математика пәнінен "Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер"тақырыбында "Lesson Study"жобасы аясында ашық сабақ өтті.
Зерттеудің мақсаттары:
— жаратылыстану пәндері бойынша сабақ жоспарлауда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының оқудағы белсенділігіне ықпал ету. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруде, білімін жетілдіруде, тәжірибе алмасуда өте тиімді зерттеу сабағы болып табылады.. Lesson Study тәсілін сабақта қолдану арқылы оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттырып қана қоймай, мұғалімдерге әріптестерінің зерттеу сабағын бақылауға, бақылау барысында жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, оны болашақта шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туады.