Текст
17 мамыр күні “Ақмола облысы білім басқармасының, Шортанды ауданы білім беру бөлімі Жолымбет кетінің #2 жалпы орты білім беретін мектебі” КММ 7-9 сынып оқушыларына Жолымбет кентінің инспекторы Жаслан Жумабайұлы жолда жүру, қауіпсіздік ережелері жайлы дәріс оқыды. Сонымен қатар мотоцикл, мопед жүргізу куәлігі бар жасөспірімдер жүргізу керектігін ескертті. Ондай құқықығы жоқ жастарға, жастардың ата-анасына айыппұл салынатыны баса айтылды.