«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» Тәуелсіздік –азаттығым, бақ күнім!

15.12.2017

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік

–азаттығым, бақ күнім!

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың

көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау

қабілетін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа

тәрбиелеу.

Тәрбие

сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған,

Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 2 «Ә»

сыныбының «Тәуелсіздік –азаттығым, бақ күнім!» атты тәрбие сағатын

ҚР-ның гимнімен бастаймыз.

(Гимнді орындайды)

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан»

оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген

тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі,

тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па?

Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі

қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын

көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға –апйларымыз

есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды

терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова,

Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?


Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас

иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!

Бір минут үнсіздік.

Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 2

«Ә» сынып оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары,

менің кішкентай достарым өз өнерлерін көрсетеді. Көтеріңкі көңіл –күймен

отырыңыздар!

Мәди:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Әлішер:

Мен қазақпын, қаныммен, сүйегімен,

Сән салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам басына моланың да,

Мұрагермін оған да, иемін мен.

Ақжол:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

Шернияз:

Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз

мемлекет 2014 жылы тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. Республикамыздың

тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

Жәнібек, Керей ханнан бастау алған,

Ақ туын желбіреткен Абылай хан.

Шаш ал десе бас алып аңғалдықтан

Махамбеттен айырылған қайран бабам.

Айым:

Неше ғасыр орысқа бодан болдың,

Бәріне де көңдің –ау, қойдан момын.

Боздақ кеткен Арыстарға жала жауып,

Ақтап алып жетті ғой әрең қолың.

Мирас:

Сұм соғыс аналарды жесір еттің,

Шырылдайды дауысы жетімектің.

Ұлы Жеңіс келді деп тойласақ та,

Тарихтан орын алған қасірет күн.

А. Дамир:

Сәбира, Ләззат ару, Қайраттардың,

Қазақ деп шырылдаған шыбын жаны.

Желтоқсанда алаңды қаңға бояп

Арман болып жеттің ғой, Азат таңым!

Рахат:

Міне, осылай өтті өмірден талай батыр

Әулиелер, даналар, небір пақыр,

Азат таңым жеттің ғой сағым болып,

Аналардың жасымен небір асыл.

Ақерке:

Қазағым, ынтымағың бөлінбесін,

Бөлініп абыройың төгілмесін.

Сан ғасырлар арман болған Тәуелсіздік

Мінекей, төредей боп төрімдесің.

Ән «Жаса Қазақстан!» орындайтын

Тураргалиев Болат.

Еділ:

Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды,

қалай болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?

1986 жылы желтоқсанның 16- да Қазақстан

Компартиясы орталық комитетінің 18 минутқа созылған пленумы Д.А. Қонаевтың

орнына Кеңестер

Одағының Коммунистік партиясының ұсынысы

бойынша Г.Колбинді тағайындайды.

Болат:

Ол бұған дейін Ульяновск облыстық комитетінің

бірінші хатшысы болып істеген. Республикаға мүлдем бейтаныс болатын. 17

желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, басқа да қалаларға тарады.

Г.Колбиннің жоғарға басшылыққа тағайындалуы сылтай ғана еді. Жастар Бережнев

алаңына жинала бастады. Алаңда: «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір

ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік керек!» деген ұрандар айтылды.

Аяна:

Республика басшылары олардың пікірін

тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер депбағалап,

көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.

С. Дамир:

Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы

бөлімдері жіберілді. Түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп,

шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген кінә тағылды.

Көптеген студент –жастар оқу орнынан шығарылды.

Диляра:

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков,

Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары

желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Рауан:

Жастарды ұрып –соғып жазалау, түрмеге қамау,

ақиқатты айтқызбау, жала жауып соттау 1937 жылғы сұмдықтардың өзгеше бір

иірімдегі қайталануы еді. Жазықсыз жаланың құрбаны болған Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек,

Сәкен, Ілияс, Бейімбет аталарымызды еске түсірейікші. Қазақ халқы не көрмеді.

Олардың ерлік үрдісін өзімізге мұра деп қабылдап, ерлік үлгісін Ту етіп көкке

көтеруге қашан да дайынбыз.

Алина:

Шағылса да тауға тиіп жас тауы,

Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.

Күллі әлемді шулатқан сол екі күн,

Болған екен бостандықтың бастауы.

Гүлназ:

Жалған емес бұл шындық дастан әнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

Дильназ:

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны міне, жарылды.

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

Еркежан:

Тәуелділік кетіп еңсе жаншыған,

Өркендесін жерім жұтап қаңсыған.

Сақтайық біз байтақ Атамекенді,

Бойымызда қалғанша бір тамшы қан.

Аружан:

Туған елім, білім алып, өс енді,

Қадірлей біл ел бастаған көсемді.

Арқасында ағалардың айбарлы,

Қайтардың көп жұртта кеткен есеңді.

Дархан:

Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысы,

Туды күнім әділетті арлы шың.

Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып,

Келдің сен Азаттығым, армысың!

Рүстем:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық.

Көрініс.

Автор: Бүгін желтоқсанда ерте үзілген жауқазынның бірі –Сәбира

Мұхамеджанованың өмірі туралы айтады.

Еділ:

Сәбира Мұхамеджанова көк жасыл орман

көмкерген, Алтай тауының адырлы етегінен орын тепкен әсем қала Өскеменде

бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындайтын оқу орнының студенті еді.

Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан

оқиғасының жаңғырығы алыстағы Алтайға жетеді. Студент жастар қала орталығындағы

«Ушанов» алаңына шеру тартады.

Олардың арасында әділет жолын іздеген,

алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдаған Сәбира

Мұхамеджанова да бар еді.

Әкесі Ерсінбек, анасы –Күлшара мектепте

мұғалім болатын. Сәбира кенжесі еді. Өкінішке орай жастардың әділдік аңсаған

үніне ешкім жауап қатпады.

Жазықсыз балағаттап, ұрып –соғып, темір торлы

жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жібереді.

Сәбираның да оқу орнына ата- аналарын

шақыртқан үлкен жиналыс болды. Ақ самайлы анасын көргенде Сәбира намыстан

жарылып кете жаздады.

Ұзақ кінәлау, жазықсыз жала!

«Тентек, көргенсіз» - деген ұстаздар сөзі

жанын аяздай қарыды.

Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай

берді. Бір кезде Сәбира саңқ етіп, суырылып алға шықты.

-Бәріне кінәлі –мен. Жазаласаңдар, мені

жазалаңдар!

Бұлардың жазығы жоқ. Оларды алаңға мен

үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумандар. Шеруді

де мен ұйымдастырдым, - деді де Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре

жөнелді. Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың 5 қабатынан секіріп

кетеді.

А. Дамир:

Иә, желтоқсанда жанын шүберекке түйген

Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті.

-Он алты-ақ жасар өрімдей Сәбираның көз

жұмғаны жанға батады.

Сәбираның бір ауыз айтқан сөзімен ол оқыған

оқу орнынан бірді –бір қазақ қызы жазықсыз жауапқа тартылмады, жаламен қамауға

алынбады.

-«Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды»

демекші, халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды

ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа

–Ахмет сынды ағаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған тілшілеріміз, ел

ағалары, жазышыларымыз, ақындарымыздың бәрі де кешегі қанды оқиғаның аманатын

бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9-

желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп,

айрықша ерекшелік белгісі –«Алтын жұлдыз» тапсырылды.

Аяна:

Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі

анықтама» қағаздары берілді. Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі

желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бері биыл

23 болыпты.

Алина:

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет

тәуелсіздігі туралы» Жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп,

егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады.

Рүстем:

Содан бері әлемнің барлық елімен Қазақстан

емін –еркін достық байланыс жасап үлгерді.

Ақжол:

Бұл күнде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына

мүше. Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы

бекітілді. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірді. Ұлттық теңгеміз өмірге

келді.

С.Дамир:

Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері

сияқты жаңа ғасыр табалдырығын

аттады. «Expo -2017» жылы халықаралық көрмесі

елордамыз Астанада өтетін болды.

Мәди:

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,

халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Рахат:

Бүгін біз жер басып жүрген барша халықтан бір

қарағанда айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, айтар ойы биік жұлдыздар туралы

айттық.

Шернияз:

Ол қандай жұлдыздар? Жарқ етіп сөнген

жасындай, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш

–қуатын, дастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған жұлдыздар.

Мұғалім:

Ежелден –ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі,

ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.

Шоқтығы биік Шоқаннан бастап, поэзия көгінде

алаулаған Сұлтанмахмұт Торайғыров, батыр ұлдар –Төлеген мен Талғат, Мәлік,

Бауыржан, Қасым, Шығыстың қос шынары Мәншүк пен Әлия, тағы басқа есімдері

аталмаған талай ұл- қыздарымыздың ізін басқан бүгінгі ұрпақ өкілі Қайрат

Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджановалар тұрса, олар

жайлы әлі талай жыр туар, талай дастан жазылуы сөзсіз.

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп 2 «Ә»

сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» атты тәрбие

сағатынан бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеткенін, егемендіктің мәнін түсінді деп

білемін.

Ән «Қазақстаным» (хор)

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст