Тақырыбы:
Тәуелсіздік – тұғырым.
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ
халқының ғасырлар бойы басынан өткен
қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зияларына
тоқталу, желтоқсан құрбандарын еске алу, туған
өлкеміз Қазақстанның жерін, елін, сүюге және оны қорғайтын елжандылық
ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан,туған жер туралы нақыл сөздер,
буклеттер.Желтоқсан құрбандарының суреттері ілінеді.
Барысы:
1.
Кіріспе
2.
Желтоқсан құрбандарына
тағзым.(көрініс)
3.
Мемлекетіміздің рәміздері.
4.
Тәуелсіз ел-Қазақстан.
5.
Халық ұлына құрмет
6.
Жылдар сөйлейді
7.
Қорытынды.
1.Кіріспе
Тарихқа көз жүгірсек, қазақ- нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда , қазаны
теңде болып,көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай
сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және
ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екеніңді дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың
сан ғасырлар күресіп армандап жеткен
Тәуелсіздік жолын жырлайық.
Медина
: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген
тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдыққа және Тәуелсіз Қазақстан
еліміздің 26 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік тұғырым » атты ашық
тәрбие сағтына қош келдіңіздер!
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген
алтынның,
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның.
Желтоқсанда
шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда
егеменді ел болсақ деп талпындың.
Қыбат: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамет Қонаевты зейнеткерлікке
шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
міндетінен босатты.Оның орнына Ресейден
келген Г.В. Колбин сайланды.Асығыс өткен
пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылады.Пленум
шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде назарлық ұшқыны лаулай түсті.
Көрініс
: Ерсағын , Ақмарал, Ботагоз. Айнур
Ортаға бір қыз жігіттер шығады.
- Қыздар, мен
газет әкелдім
- Қане, не
жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты
орнынан алды дейді.
- Онысы несі?
- Орнына кім
болыпты?
- Колбин деген.
Ульяновтан келіпті.
- Қазақтан-ақ
біреу қойсашы!
- Т.б.
Жастар шуласып
кетеді
1-слайд
«Желтоқсан ызғары »
Медина: Осы шешімге
қарсы халықтың әлеуметтік жағынан
қоршалмаған топтардың бірі қазақ студенттері мен жастары алаңға шығады.
Шеру бейбіт және саяси сипатта болды.Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де
Бережнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы пайда болды
- Пленум
шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз
басшысы керек !
- Колбинді
әкетсін!
- Қонаевтің өзі
сөйлесін!
Оларды екінші
топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады.
1-2 адамдарды
ұстап алады.
- Қайрат!
- Қайрат! – деп
топ шуласып тарайды.
Қайратты
тергеуге әкеледі.
Слайд :
Қайрат Рысқұлбеков туралы мәліметтер беріледі. Суреті көрсетіліп тұрады.
Ботагоз
Көрініс :Қайрат пен
Тергеуші
Тергеуші: Сен өзіңнің Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ. Мен
Совицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші:
Ақымақ! Әкетіңдер, Атыңдар! Көзін құртыңдар!
(Қайратты алып
келеді, алып кетеді).
Қайрат: Күнәдан таза
басым бар
Жиырма бірде
жасым бар
Қасқалдақтай
қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең
алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең
атыңдар!
(Қайратты алып
келеді, алып кетеді).
Сахна ортасына
милиция бақылауындағы Қайрат келеді. Шымылдық артынан сот хатшысының
«Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр» - деген даусы шығады.
Асхат. Үкім: Қазақ КСР
Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25
мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін
қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және
301баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді:»
Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:
-Қазақ КСР
Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша
15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173 - 1 бабы
бойынша ең жоғары- өлім жазасына, атуға кесілсін.
Қымбат: Бостандық пен
жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ
түрді.
Шетелден келген
көптеген пікірлерге байланысты, өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз
ықпал болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей
құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып
кенеттен Семейден бірақ шықты.
Слайд « Халық ұлына құрмет».
Медина: 1988 жылғы мамырдың 21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болған жерлесіміз
Қайрат Рысқұлбековтің денесі Семей қаласының маңына жерленген. Сол кездері
Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері жергілікті заң органдарымен
бірлесе отырып, Бірлік ауылының басшыларын Қайраттың үй-ішіне, туған-туыстарына
қарсы айдап салды.
«Сендер
барғанмен оның денесін көрсетпейді, керек болса өздеріңді атып тастайды» деп
қорқытып бақты. Ақырында Қайраттың туыстарының атынан «біздің денесін алып
кетуге жағдайымыз жоқ» деген жедел хат салдырады. Кейін Ноғайбай аға Семейге
екі рет барып ұлының жерленген жерін әрең дегенде тауып қайтады.
Мәрмәр тасқа
Қайраттың бейнесі бейнеленіпті де, былай деп жазылыпты:
«Қайрат
Рысқұлбеков
13.03.1966 ж.
21.05.1988 жылы
әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарсы күрестің құрбаны, желтоқсан 1986 ».
Ал,
тақтатастағы:
«Қайрат деген
атым бар,
Қазақ деген
затым бар.
Еркек тоқты-
құрбандық,
Атам десең,
атыңдар...»
деген өлең
жолдарын оқығанда көзімізге еріксіз жас алдық.
2-оқушы: Қайрат қазақ
елінің 21-ші басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21 сот алдында
нақақтан шырылдап Семей түрмесінің 21 камерасында, 21 мамыр күні қапылыста
дүниеден өтті.
Слайд «Қазақстан Республикасының Президенті»
Медина: ҚР Президентінің
Жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-да жоғарғы
ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп – Алтын Жұлдыз тапсырылды.
Желтоқсанға қатысушыларға деген айрықша құрмет болды.
Қазіргі кезде Халық қаһарманы атында:
Алматы,Семей
қалаларындағы орталық үлкен көшелердің бірі Қайрат есімімен аталды.
Жетісай
қаласындағы орталық мәдени – демалыс паркіне Қайрат Рысқұлбеков есімі берілді.
Жезқазған
облысы, Ақтоғай ауданы, «Қоңырат» совхозы 1-бөлімшесіндегі орталау мектептің
атаулары Қ. Рысқұлбеков есімі берілді.
Қымбат:
Міне биыл сол
азаттық таңның арайлап атқанына 20 жыл
толмақшы.1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә.
Назарбаевты еліміздің Президенті етіп сайлады. Бақзор
Медина: Пешенесіне
жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін мерт
болуға тиіс екендігін сезе бастаған еді. Ол оқ қылмыс керге емес, тығырыққа
тірелген қоғамның бар шындығын теріс түсінген көзқарастарға арналған оқ еді.
Ән: « Қара бауыр қасқалдақ »
3-оқушы: 1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан республикасы
Тәуелсіз Республикасы деп жарияланды
Қымбат:
Өзіңдікі туың
да, отпен ауа, суың да,
Жаса,
Қазақстаным! Белді бекем буын да
Ұраның да
жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатың
қайырылып , қыр арқаңнан майырылып
Егемен тәуелсіздіктен,
қала көрме айырылып.
Қазақ биі: 9- сынып оқушылары
Ақмарал,
Оралды «Қазақ осы»
Медина:
Республика!
Ерікті ел –Қазақстан
Келді ақыры көп
күткен жаз алыстан
Келді алыстан
армандатып,
Торды бұзған
бір арыстан.
Оралды.
М.Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды
тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұн жоқта
мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз
анасынан басқа да,
Демеп жүрер,
жебеп жүрер арқада,
Болу керек
құдіретті төрт ана:
Туған жері –
түп қазығы айбыны,
Туған тілі –
сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,
салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ
шашар үнемі
Және туған
тарихы,
Еске алуға
қаншама
Ауыр әрі
қасіретті болса да
Құдіреті жоқ
төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң
қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың
ұлылығын танымас,
Төрт анасын
менсінбеген пенделер.
Төрт анадан
сенім таба алмаған
Тамырсыздың
басы қайда қалмаған.
Төрт анасын
сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ
жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл
төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін
болған күрес – күрестердің ұлысы!
Ән: « Қазақтай ел қайда»
Ақмарал: өлең
Атыңнан
айналайын деген қазақ деген
Қазағым
қайсарлығын ғажап дер ем
Сақтапсың сағың сынбай,
Көрсең де
көресің азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік бар жерде тірлік бар деген бабам
Бірлік деп соқсын жүрегіміз
«Жылдар сөйлейді » бөлімінде әр бала әр жылда не
болғанын айтып шығады.
Ән «Тәуелсіздік» 9-10сынып оқулары айтады.
Қорытынды: Желтоқсан оқиғасы қышын да
көмескіленбейді. Себебі тарихтан алар
орны ерекше оқиға. Отанымыздың арқа сүйер бір азаматы болыңдар!
Елімізді,Отанымызды
әрқашан қорғауға дайын тұрайық, азат елдің білікті, жігерлі, зиялы азаматы
болайық.Тәуелсіз еліміздің тұғырын биік
ұстаңдар, жас ұландар!
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Біз сынып сағатымызға белсенді қатысқан
және дұрыс өтілуіне ат салысқан
балаларға рахметімізді білдіреміз.
Хор: «Жаса қазақстан»