«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы»

15.12.2017

Сабақтың тақырыбы:   «Желтоқсан-

тәуелсіздіктің бастауы»

 

Сабақтың мақсаты:           

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық

көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді

сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды

тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,

ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі:          плакаттар, суреттер,

буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:

                        

 1-жүргізуші.        Көк туым көтерілді бағым жанып,

                                 Елтаңбам күллі

әлемге танылды анық.

                                 Шырқадым

әнұранды бар дауыспен,

                        

     Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік

көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және

дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы әр қазақ азаматының есінде.

(Тақпақ қойылады)

  2-жүргізуші.

«Мен  - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

  Ұранға «алаш»

деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш

арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге 

ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш

қайраткерлерінің  азаттық идеясын

жалғастырған, қыршын  кеткен арыстардың

аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында

тәуелсіздік үшін күресе білді.

            1-жүргізуші:

    Күллі әлемді

дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық

санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.

Видеоролик көрсетілім

 

1 – оқушы:

           Желтоқсан

тағдырларға азалы күн,

           Қайраған

намыстарын мазалы мұң.

           Қыршыннан

қиылған боздақтары

           Қалар

мәңгі есінде Қазағымның.

 

2 – оқушы:

           Желтоқсан

– жадымызда жаралы күн

           Жастарым

жапа шеккен жаралы мұң

           Еркіндік,

егемендік, елдігімді

           Емірене

аңсады саналы ұғым.

Көрініс студенттердің алаңға шығуы бейнеролик

3- оқушы

Ұлт намысын

жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка

училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген

болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге

жұмбақ.

4-оқушы

  Сәбира

Мұхамеджанова  1985 жылы  8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол

Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының  шындығын

білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны

айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.

5- оқушы

  1991 жылғы 12

желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға

қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына

байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,

Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді

Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды. 

    

 

                         (Лаула желтоқсанның жалауы тақпағы қойылады)

                       

(Фотоларды шығарады)

 

6- оқушы:

Тәуелсіздік!

Бабалардың ұраны

Бейуақытта

бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік!

Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып

жанбай қалған шығары

7-оқушы:

Тәуелсіздік!

Берекенің біл басы

Дәулетің

мен сәулетінің тұнбасы

Қазақстан,

сен бір елсің жаһанға

Тең

танылған таудай асқақ тұлғасы

1-     

жүргізуші

Дәл осынау тәуелсіздіктің

таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін  арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан

күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған

бақ, бақыт.

 

2-Жүргізуші:

  Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз

салтанат құрғаныны --- жыл. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік!

Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.

 

1- Жүргізуші:

           Өзіңдікі

елің де,

           Өзіңдікі

жерің де.

           Өзіңді

өзің еткен бақ

           Тәуелсіздік

төрінде.

 

 

 

1 – жүргізуші       Елімізде тыныштық,  әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз

ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст