«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» Желтоқсан деп соғады жүрегіміз

15.12.2017

Тақырыбы:

Желтоқсан деп соғады жүрегіміз

 Мақсаты:

1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл

солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған

ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не

себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

 Тәрбиелігі:

Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін,

әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 Дамытушылығы:

Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

 Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира

Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым,

қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы

топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз. 

Мұғалім

 Армысыздар

құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың

жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр

сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып

қалған « Желтоқсан деп соғады

жүрегіміз » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.!

1-жүргізуші:Дамира

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

 Бақыт көрсін

Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі — Әнұраны! (әнұран музыкасы)  В 1

 

2-жүргізуші:

Ардақ

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын

болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі болды.

1-жүргізуші:Дамира

 Ия, ол күн

тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді.

Таңертеңгілік сағат 10 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып

келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған

еді.

Видео 2

2-жүргізуші:Ардақ

Осыдан 28 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының

алдындағы  көтерлістің басталуы:

 Зарина 

- Қыздар, мен газет әкелдім.

Айжан  - Не жаңалық шығыпты?

Зарина  - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы   Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді

тағайындапты.

Айжан   - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті?

Зарина  - Колбин Ульяновтан келіпті.

Айжан - Қазақстанды

өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! 

Біз демократияны талап етеміз.

Зарина - Қане

жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

Алаңдағы оқиға

Қайрат түрмеде - көрніс

Такпак музыкасымен Видео 3

Кайраттың тергеушімен сөзі

Әділет :  Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым

бар,

 Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным

бар,

Бозторғайдай жаным

бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым

бар,

Қазақ деген затым

бар.

 «Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Такпак Шахановтын ойнайды В 4

Қайрат Рысқұлбеков өмір баяны  В 5

1-жүргізуші:Дамира

 Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан

ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке

қол жеткізді.

         Анелья

 Жас арудың

жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

 Қаралы өмір

қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

 Жауыздықты

жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

 Абақтыға

тастаған да – Желтоқсан.

 Намысымның

шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

 Жігіттердің ұраны

да — Желтоқсан,

 Жаңа күннің

шуағы да – Желтоқсан.

Маржан

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

В 6 

2-жүргізуші:Ардақ

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының

тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың

қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса

керек. Назарларынызда

Жакенова Дамираның Жаса Қазақстан әні .

1-жүргізуші: Дамира

Тәуелсіздік туын

ұстап жоғары бүгінгі ұрпақ болары елдің ертеңі . Ел

іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! 

Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Бүгінгі кеш қонағы

мектебіміздің директоры  Маулимбергенова

Сайран Рашитқызына  сөз береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст