Жаңартылған
білім беру-қазіргі заман талабы.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың
сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының
негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін
енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл,
қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану
тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың
тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқыту
жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты
мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл
мұғалім қажет.
Сонымен қатар жаңартылған білім берудің
маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып
сын тұрғысынан ойлау, АҚТ –ны қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу ,
коммуникативті қарым-қатынас жасай алу, жеке, жұппен және топта жұмыс жасай
білу қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес,
өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне
байланысты. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған
байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуі қажет. Білім мазмұнын жаңарту
тікелей шығармашылық ізденісі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны
өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов
айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне
сай болуы қажет деп ойлаймын. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге
жетеді.