«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Желбіре, Жеңіс Жалауы

10.05.2017

«Желбіре,

Жеңіс Жалауы!»

(Ұлы

Отан Соғысының 72 жылдығы)

5 сынып

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға және өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер, портреттер, гүлдер, шарлар, слайд. т. б.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Мұғалім: – Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 72 жыл. Мұны біз ешқашанда ұмытпаймыз.

Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі бізге мәңгі үлгі.

Бүгінгі өткелі жатқан «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» атты ашық сынып сағатына

қош келдіңіздер! (Әнұран орындалады)

2-жүргізуші:Жеңіс жырын айтқан бүгін тіл көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей.

Ел дегенде еңіреп туған ерлері

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс-тіршіліктің

рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, және барлығымыз Ұлы

Отан соғысында құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық.(1-минут

үнсіздік)

 (Соғыстың

басталуы фильм)

2-жүргізуші: Осыдан 72 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік

Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.

Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың 

қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың 

қазақстандық-шекарашылар болды.

1-жүргізуші: Атақты Брест гарнизонының  өзінде 1941

жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде

айында олардың көпшілігі әскерден елге  қайтулары

керек болған. 

Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күлталқан етті.    

Соғыс өрті ішке қарай тез

еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар

қозғалысына қосылды. 

 

1-оқушы: Олардың 

қатарында 190 қазақстандық болған  және олардың көбісінің

сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс

кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы

сияқты, алғашқы күннен бастап  жұдырықтай жұмылды.

Республиканың түкпір-түкпірінде әскери 

комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше  ғана мектеп 

партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер

де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды.  

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің 

республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары

Кеңес Армиясының қатарына 

1 миллион 200 мың  қазақстандық

шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен  басқа

да құрылымдар жасақталған. 

3-оқушы:

Біздің жерлестеріміз  майдан

даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері  үшін

жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса,

500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден  астам адам -

Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық 

екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры 

атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов 

және Леонид Беда. 

4-оқушы: Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында 

қазақтың екі қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова мен  

пулеметші Мәншүк Мәметова  бар. Рейхстагқа Жеңіс туын 

тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті Рахымжан 

Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың  қатарында

да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  - Қасым

Қайсенов. Ал танымал  қолбасшы, әскери  жазушы, Мәлік

Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін 

қазақ жоқ шығар. 

(Бауыржан Момышұлы туралы фильм)

5-оқушы: Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры: 1941 жылы

Алматыда генерал И. В.Панфилов үш жүз он алтыншы - атқыштар дивизиясын жасайды.

Осы дивизияның 28 панфиловшы - батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік

көрсетті. Волокаламск жолын қорғаған

28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.

Мәскеу түбіндегі шайқаста Панфилов үш жүз он алтыншы - атқыштар дивизиясының

командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

(Әлия Молдағұлова туралы фильм)

6-оқушы: Әлия Молдағұлова Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы

Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында

тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск

авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып,

мергендердің орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың

тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа

қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол станциясы маңында

болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен

қаза тапты.

7-оқушы:Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келген. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал

облысы, Орда ауданында туылған, 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болады. 1944

жылдың 1-ші наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Ұлы

Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942

жыл өз еркімен майданға аттанған ол 21-атқыштар дивизиясының құрамында атысты.

Аға сержант, плуметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті.

Ол Новель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы

демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйде қаза табады.

(Рақымжан Қошқарбаев туралы фильм)

9-оқушы:1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы

болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.

1945 жылдың 30-сәуірінде, Рахымжан Қошқарбаев

шайқасқан 150-ші атқыштар дивизиясы Рейхстагты шабуылдайды. Жаңбырдай жауған

оқтан жасқанбаған лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий

Булатов, фашистер тірегінің кеңсесіне бәрінен бұрын жетіп, жеңіс туын

Рейхстагтың бірінші қабатына тігеді. Осы ерлігі үшін 150-ші дивизия басшылығы

қазақ жауынгеріне Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.

 «Атамекен» әні орындалады.

2-жүргізуші:Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан

даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза

тапқандардың саны туралы   мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.

1-жүргізуші: Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары мен

ауылдарында Даңқ  монументтеріне, Ұлы

Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің

ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.

Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы,

ешнәрсе де ұмытылмауы керек.

«День Победы» әнін орындалады.

2-жүргізуші: 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс

күнінің  70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің

ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы

Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль

туралы Жарлыққа қол қойды.

 

 

 

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

 

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру.

 

Дамытушылығы:

 Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларға

Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

 

Тәрбиелілігі: Патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру,

достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,

ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі №21 орта мектептің 7 сыныптардың ұйымдастыруымен

өткізіліп отырған «Желбіре,Жеңіс жалауы!» атты ардагерлермен кездесу

кешіне қош келдіңіздер.

(ҚР гимн орындалады)

1-жүргзуші:

Олай

болса кешіміз ашып беру мақсатында №21 орта мектеп басшысы А.Б.Рахимоваға сөз кезегі

беріледі.

 

1-жүргзуші: Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

Ұмытпа сен, елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

2-жүргізуші: - Ия, оны сан миллиондаған

адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен

сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін

от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс

оты шарпымаған шаңырақ кемде кем.Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы

Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің

арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым

етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Енді бүгін ұлы Жеңістің 69 жыл болған тойын көре

алмай кеткен ардагерлерімізді еске алайық.

1-жүргзуші:Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік)

2-

жүргізуші: Иә, содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8

- мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9

мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.

Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен,

қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер арамызда болмаса да, соғысқа азда

болса өз үлестерін қосқан қарияларымыз салтанатты кешіміздің құрметті қонағы .

Осы кісілер біздің арамызда отыр. Олай болса бүгінгі біздің мектебімізде

қонақта отырған ардагер аталарымызбен таныс болайық.

 

1-

жүргізуші: Жеңіс күні біздің баршамыз

үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің

және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата - бабаларымыздың ерлігі

өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі

болсын. Осы бір тамаша мереке – 9 мамыр күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас

қайрат, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілейміз!

 

2- жүргізуші: Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз

ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет ,

қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын –

жорадан, қарулас досыңнан айырылу.

Ендігі

тамашалайтындарыңыз 7 сынып оқушыларының орныдауында көрініс «Соғыс қасіреті»

(

Жаздың жайма-шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп

бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан

жоқ, жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып бастағым келеді. (Урдабаев Әли)

(Әжесің

құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет,

балам!( Салақбаева Гүлназ)

(Мандайынан

сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра

береді. Келіні ыдыс әкеле жатып радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

(Көнебаева Жұлдыз)

Радио: Тыңданыздар, тыңданыздар! Кеше

біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдап басып кірді. Герман

елщісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді.

Ән:

«Священная война»

(қолынан

ыдысы түсіп кеткен келіні жылап бетін жабады.)

Немересі: Әже, соғыс, соғыс бастслды!

(

Әжесін құшақтап жылайды.)

Радио: Тыңданыздар, тыңданыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел

үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: Аттан! – деді,

Ол

қазір аттанады,

Жауынгердің

рөлін атқарады.

Неге

бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан,

әке,

Жолыңнан

кешігесің.

Кеудесінде

жаны бар пақырларың

Тауып

жейді сенсіз де несібесін.

(

Әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: Тыңда, балам, тыңда күнім,

Болуға

жара қолқанат.

Кәрі

анам, сәби інің –

Барлығы

саған аманат. (Исаев Бекзат)

Әжесі: Оралсын аман жеріне,

Көріссін

аман елімен.

Келін-ау,

көздей қалтаға

Топырақ

салып беріп жібер.

Келін: Кебін киген өледі,

Кебенек

киген келеді.

Үлкен

үйден дәм татса,

Кешікпей

дейді келеді.

(Орамалға

топырақ салып түйіп береді)

Олар

ер азаматпен қоштасады.

 

1-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, 

Жақсы үміттің шырағы жанды міне! 

Аспан бетін қаптаған қара тұман 

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні! 

Ортада

7 сынып оқушыларының орындауында хор «Катюша»

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс

бітті! 

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті! 

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, 

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты. 

1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, 

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін 

Жауды жаншып, Отанды азат еткен, 

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын

жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді

ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады. 

Ортада 7 сынып оқушыларың

орындауында жеңіске арналған өлең жолдары:

 

1 – оқушы: Солдаттың көкірегі толы

арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін «Алға» деді

Амал не,

Көпшілігі оралмады

Жабады дала төсін нала, қайғы,

Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,

Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды

 

2

– оқушы: Күткен Жеңіс жарқ етті

сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

3 – оқушы: Аспанда

күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

 

4 – оқушы: 69 жыл

көктем таңы атқалы,

69 жыл шуақты күн таратты әні

Есімде содан бері қаншама рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

 

5 – оқушы: Тыныштық

тулары

Биікке самғасын.

Тыныштық ұраны

Қиырды шарласын

Жеңіс,жеңіс естіледі

жалынды! 

Жеңіс,жеңіс қоңыраулар қағылды, 

Күн парақтар кып-қызыл боп ашылды 

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

 

6 – оқушы: Домбырада саусақтары

жаралы 

Жеңіс,жеңіс атам әнге салады 

Шаршағанда ансағанда жас шағым 

Жеңіс деген сөзден ләззат алады 

Ағайлардан,апайлардан,інімнен 

Жеңіс сөзін көп естідім бүгін мен 

сәл күбірлеп жеңіс жеңіс деп едім 

жазылғандай әжем белі бүгілген 

7 – оқушы: Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған 

жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған 

мен жеңістің көріп тұрмын алауын 

жаңарлардан алтын шуақ шашылға

 

8 – оқушы: 1941 жылдың маусымы,

Күндердің

аса қиыны.

Тарқатып

елдің базарын,

Соқты

да соғыс құйыны.

Орманы

көкпен таласқан,

Өксіді

өмір адасқан.

Қан-жоса

боп қара жер,

Қақырап

түсті көк аспан.

 

9 – оқушы: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама

қан еш жазықсыз төгілді

Соғыс

аты естілгенде құлаққа

Елестетер

қара тажал өлімді.

Келді

міне, күндей жайнап гүл көктем,

Самал

желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға

хақымыз жоқ оларды,

Олар

біздің бақыт үшін қан төккен.

Өткізді

олар сызды окопта күндерін,

Елестетем

қанды кешіп жүргенін.

Естігендей

болам жаудың шебіне

Атой

салған сарбаздардың үндерін.

Талай

жанды қиды ажал балтасы,

Жауды

жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің

мына бейбіт өмір алансыз

Ел

қорғаған аталардың арқасы.

 

10 – оқушы: Соғыс

жалмап аға, іні бауырды,

Зар жылатты

тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер

өздеріңнің арқаңда

Көркен

жоқпыз сол бір қырқын дауылды.

Жалғызынан

айырыпты ананы,

Әкесінен

айырыпты баланы.

Бірақ біздер

өздеріңнің арқаңда

Көрген

жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Қан

майданға шыцғарып сап ардағын

Қыз-келіншек

түсірмеді салсағын.

Көрген

жоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай-сүйекті

сырқыратқан зардабын.

 

11 – оқушы: Жиырма сегіз, жиырма

сегіз бар ғалам,

Анау

жаудың таңкілері лаулаған.

Жеріміз

кең, артымызда Мәскеу тұр,

Шегінуге

хақымыз жоқ бір қадам.

ССРО –

дағы ұлттардан

Құралған

бұл шағын топ

Жауға

үрей туғызған,

Жайнап

түскен жалын боп.

Даңқын

қосып даңққа,

Сұрапылға

төтеді.

Борыштарын

халқының

Ерлігімен

өтеді.

 

12 – оқушы: Байтақ Отан сия ма тар

қыспаққа?

Мұхиттай

жігер тасып сол бір шақта,

Жан-жақтылы

соққыдан жау қирады,

Жеңіс

туын қадалды Рейхстагқа!

Жылы

сөз бізге айтқалы

Қабағын

ашты қара күн.

Әкесі

тірі қайтпады,

Жаудырап

көзі баланың.

Зымырап

жылдар өтеді.

Жанымыз

жауға ызалы.

Соғыста

өлген атаны,

Достым,

сен де ұмытпа.

 

13 – оқушы: Бақытқа бүгін бәрі ие,

Ет

жүрек кетті елжіреп.

Шалқып

бір жатты дүние,

Жеңістің

Туы желбіреп!

Тоғызыншы

мамыр күні – Жеңіс күні,

Құлаған

күн фашистің неміс туы.

Балалардың

күлкісі көшені алды,

Ағалардың

естілді келісті үні.

 

14 – оқушы: Күркіреп

күндей өтті ғой соғыс!

Иә,

содан бері 68 жыл артта қалды

69 жыл

бейбіт көктем таң атқалы,

69 жыл

шуақты күн таратты әнін

Есімде

сонан бері 69 рет

Ашылды

жеңіс күннің парақтары

Талай

құс содан бері қайта оралды,

Талай

бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста

өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ

олар жайлы айтады әнді.

Оу,

адамдар, даналар,

Соғысқа

қарсы балалар.

Өркендей

берсін қалалар,

Гүлдене

берсін далалар!

 

15 – оқушы: Сұм

соғыс қайтып болмасын,

Бәйшешектер

солмасын.

Еліміз

бейбіт күн кешіп,

Бір

Алла өзі қолдасын.

Соғыстың

сөніп ошағы,

Қайғыдан

көңіл босады.

Бірлікпенен

күн кешсек,

Бір

бақыт бізді тосады

2-жүргізуші: Шынында бұл-оралған мыңнан

бірің, 

Бақ нұрына жүзіңді туған күнің 

Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі, 

Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

1- жүргізуші: Сен құрметте оны! 

Түсіндің бе қарағым? 

Ол ақшаға сатқан жоқ, 

Тізеден кесіп аяғын. 

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ, 

Қолындағы ұзын таяғын.

7 « » сынып оқушысы

---------------- «9 – мамыр – Жеңіс күні»

баяндама оқиды.

Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік – осы үш сөзде сұрапыл қанды соғыстың

адам айтқысыз азабы, Совет халықтарының қаһармандығының, достығының үлгісі,

бейбітшілік жолындағы халықтар күресінің тарихи жеңістері бір - бірімен ұштасып

жатады.

Міне, бүкіл Кеңестер Одағында өмір сүрген

халықтың есінде мәңгі қалған алапат соғыстың аяқталғанына 68 жыл толып отыр.

Миллиондаған боздағынан айрған осы соғысты Ұлы Отан соғысы деп жайдан жай

атаған жоқ. 

Өздеріңізге белгілі 1941 жылдың 22-маусымы күні

таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттік Германия тұтқиылдан соғыс

ашты. Шығыста таң шапағы жаңа ғана білініп жатқан кез. Еңбек адамдары еш

алаңсыз ұйыда болатын, себебі, келесі күн жексенбі еді. Кенет батыстан қызылды

- жасылды оттар шекараға таяп, жер дүние астан - кестең болды да кетті. 

Фашисттік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының

шекарасын бұзып, басып кірген еді. Олар күшті армия жинақтап, басқа халықтарды

құлға айналдыру үшін соғыс ашты. Фашисттер күзге дейін Кеңес Одағын

талқандаймыз деп даурықты. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190

дивизияны, 5000 ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті

шабуылға шығарды.

Суық хабар сол күні - ақ радио арқылы әйгілі

диктор – Левитанның қуатты үнімен байтақ жерімізге түгел тарады. 

Ер азамат өздері сұранып асығыс майданға

аттанды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 870 мың қазақстандық қатысты.

Брестті қорғауға 3000 қазақстандық жауынгер атсалысты. Неміс фашист армиясының

түпкі мақсаты – Москваны басып алу еді. Арыстандай атылған 28 панфиловшы

батырлар 50 танкке төтеп беріп, Москваны асқан қаһармандықпен қорғап, ерліктері

Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылды.

Осы ел қорғаған соғыста тек қазақ ұлтынан 96

адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз,

құлақ естіп көз көрмеген апатқа ұшырады. Фашисттер 1710 қаламызды 70 мың

селомызды, 32 мың өндіріс орындарымызды қиратып, өртеп бүлдірді. Жеңіс

жеңілдікпен келген жоқ, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті.

Осы соғыста 30 млн адам құрбан болды. Ал миллиондаған адам жарақат алып,

мәңгілікке мүгедек болып қалды. Масқара соғысты бастаған фашисттер 1945 жылы 9

- мамырда Берлинде тізе бүкті. Әрқашан әділдік жеңеді ғой. Біздің жауынгерлер

елімізді, жерімізді, ақ сүт береген ана, бауыр еті баласын қорғады, Отанымыздың

бостандығын, тәуелсіздігін қорғады. Барлық аға – апаларымыз қасықтай қандары,

шыбындай жандары қалғанша жаумен шайқасып, туған жерге, туған елге аман

қалғандары ғана ғана жеңіспен оралды. Осы алапат сұм соғыста қаза болған,

хабарсыз кеткен аға – апаларымыз қаншама.

2-жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн

көкте, 

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте 

Отанының бақыты үшін мерт болған 

Батырларды есіңде ұста, құрметте! 

1- жүргізуші: : 69 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 

68 жыл шуақты күн таратты әнін 

Елімде сонан бері 69 рет 

Ашылды Жеңіс күннің парақтары. 

Талай құс содан бері қайта оралды, 

Соғыста өлгендер тек оралмады.

Ортада 7 «В» сынып оқушысы Мангитаева Лаззаттың орындауында ән «Әлия»

2-жүргізуші: Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.

1- жүргізуші:Жеңіс, жеңіс!

Бабамыздың –

Қызыл қаны төгілген.

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген.

Жеңіс, жеңіс!

Мектебіміз

Ашқан бізге есігін

Ұмытылмас өткеніміз

Батырлардың есімі.

Ортада 7 «Е» сынып оқушысы Ұлданайдың орындауында ән «Сарбаздар»

2-жүргізуші: Жеңіс

бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға

жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын

қақты. 

Қия шыңға өрмелеңдер,

Болашаққа батыл бар.

Жеңіс деген өрен ерлер

Мәңгі өлмейтін батырлар.

 

1- жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз

болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға

таптатпаған батырларға арналады.

2-жүргізуші:Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан

қалғанша шайқасқан Кеңес одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды

иеміз!

Олар Отанымыздың

байтақ жерін қорғады,

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Самал ескен даласын қорғады

Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Ортада 7 сынып оқушыларынң орындауында хор «Атамекен»

1- жүргізуші:«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында», -

деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан

халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. 9 мамыр Жеңіс күні -

әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн .Сондықтан осы Ұлы

мереке ерекше.

2-жүргізуші: Ағалар

саптан шықпасын, 

Аналар қабақ шытпасын, 

Бақытқа жетіп бар адам, 

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер

аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні

біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз.

Ортада 7 «» сынып оқушысы ----------------- орындауында ән «Алға

жігіттер»

Қорытындылау:

1-жүргізуші: Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске

жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр

жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан

тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның

жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген

барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман 

болсын,- деп тілей отырып, сөз кезегін осында отырған қонақтарымызға береміз.

 

Просмотров: 535

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст