«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Желбіре,жеңіс туы!

10.05.2017

Тәрбие сағаты: Желбіре,жеңіс туы!

Мақаты:

1. Оқушыларды,Отанын,елін,туған жерін сүюге

баулу,өз еліміздің батыр қыздары мен ұлдарының ерліктерін айту;

2. Адалдыққа, адамгершілікке батырлыққа

тәрбиелеу.

3. 1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы

түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап нығайтуға,мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Интербелсенді тақта,қанатты

сөздер: Отан туралы,портреттер,фоталар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Актуалдандыру

3.Кіріспе сөз

Құрметті

қонақтар,оқушылар,ұстаздар!Өздеріңізге белгілі 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы

сағат 4- те бейбіт елімізге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасап соғыс

басталып кетті.Қасиетті жерімізді,бейбіт елімізді қатыгез жаудан қорғап қалу

үшін біздің аталарымыз,әжелеріміз 1418 күн жаумен шайқасып Ұлы жеңіске

жетті.Жеңіс бізге келген жоқ.50 млн адам өмірін қиды.ҰОС жылдарында Кеңес

армиясының қатарында Қзақстанның 1 млн 200 мыңға жуық ұл-қыздары ерлікпен

шайқасты.Қазақстан майданға –қару,металл,көмір, азық-түлік,киім-кешек жіберіп

тұрды.Жауға қарсы атылған әр 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды.29 мың

астам шығыс қазазақстандық Ұ.О.С –ның ерліктері үшін ордендер мен медальдармен

наградталды.

Жыл артынан жыл өтіп,осыдан 70 жыл бұрын

күллі әлем асыға күткен жеңіс жалауы рейхстагта желбіреді.Барша адамзат жүрегі

жарылардай шаттанды.Қаһарман Совет Әскері,біздің халқымыз адам айтқысыз

зардаптар шегіп,қисапсыз құрбандықтарға төзіп,Жеңіске жетті.Бүгінгі біздің

болашағымыз,бақытымыз үшін қан төккен әскерлер мен аналардың даңқы еш уақытта

өшпейді.

1-Көрініс

Қараңғылық...Қыз бен жігіт сөйлесіп

отыр.Қолдарында гүл.Қыз жігіттің костюмін желбегей жамылған.Таң алды.Нәзік

музыка үні естіліп тұрады.

Тыныштық!

Қыз:( орнынан тұрып) Не деген тыныштық!

Жігіт: Иә,тіпті шегірткелер ән салып

жатқандай емес пе?

Қыз:Шынындада дала ән салып тұрғандай ғой

өзі.

Екеуі қолтықтасып сахнадан шығып кетеді,сол

кезде гүрілдеген самолет үні,танкінің дыбысы естіліп,қыз жүгіріп шығады,үрейі

ұша айқайлайды,шуылдаған жарқ-жұрқ еткен прожекторлар, атылған оқтар үні

естіледі.

1-жүргізуші:

Шығыста таң шапағы жаң а біліне бастаған кез.

Ел қаперсіз ұйқыда. Ояу жүрген тек шекарашылар. Кенет, батыстан қызылды-жасылды

оттар жарқылдап, шекараға шапқан самолеттер ұшып келеді. Бұл 1941 жылдың 22

маусымы.

2-жүргізуші:

Фашистік Германия қарақшылықпен Совет

одағының шекарасын бұзып, басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталып кетті.

(Священная война- әні)

1-жүргізуші:

Неміс фашистері күшті Армия жасақтап, басқа

халықтарды құлға айналдыру үшін майдан ашты. Фашистер күзге дейін-ақ Совет

одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл Совет одағы көтерілді.

2-көрініс

Әскери комиссариат алды. Ағылған халық, бәрі

Отан үшін жауға қарсы күреске жіберуін сұрауды. Кәрі де, жас та, қыздары да.

Аналар мен қарттар, балалар шығарып салуда.

2-жүргізуші:

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Совет

елі жан-тәнімен Отанын қорғады. Әрбі село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс

болды, қанішер неміс басқыншыларымен Совет азаматтары аянбай шайқасты.

1-жүргізуші: Отаным еркелеймін өзге кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

2-жүргізуші:

Өшпес ерлікпен шайқасқан батыр қалалар есімі

мәңгі сақталады. Соның бірі - Брест қаласы. Батыр қала берілмеді. Оны

жауынгерлер артық қаны қалғанша қорғады.

1-оқушы: Ығысқан жауы түрінен,

Бауыржан батыр қол бастап.

Москваның түбінен,

Ерліктер жасап ол асқақ.

2-оқушы: Туған жер, өскен орта, байтақ дала,

Махаббат ыстық жүрек қомарлана.

Сүйеді Төлегендей ер баласын,

Баулыған батырлыққа Отан-Ана!

3-оқушы: Баласын алып Алтай құшағына,

Сүйеді, жүрегіне қысады да.

Сырласып таң атқанша бірге болып,

Таң атса, тау қалады, ол ұшады да.

4-оқушы: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар,

Жаттап алар балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

5-оқушы: Гвардеец жүрегі,

Мақсат сертті нық ұқты.

Селт етердей кім еді,

Ұмытылды алға Ізғұтты.

Шайқаста ер атанбай,

Қашан қазақ мызғыпты.

Сүйді Отаның осылай,

Айтықұлы Ізғұтты!

6-оқушы: Өр кеуде, отты жүрек, батыр Мәлік,

Зор даңқың дүниені кетті жарып.

Майданда, ризамыз, ойнадың сен,

Бейне бір найзағайдай жарқыл қағып.

7-оқушы: Шаттансаң қыз туды деп, қазақ шаттан,

Әлия Ұлы Отанға болған мақтан.

Казачиха қасында тұлғасы тұр,

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан.

8-оқушы: Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіске майдан бітіп...... жас ержетпек.

Ерлігі ер жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

СОЛДАТ ХАТТАРЫНАН үзінділерлер оқу

Мәншүкің апасы Әминаға хатынан үзінді:

Қымбатты мама! Көптен күткен хат пен

посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10

қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен

сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет! Жолымыз

сәтті болды. Ал, әзір шетте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде

мүлдем ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып

жауап жазып отырмын. Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр

едім бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз

көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған

соң айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк.

Майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр!

Әлияның ағасы Бейсенбайға жазған

хаттарынан үзінді:

Ізғұттының «Совет жауынгерлеріне» -

хатынан

Мешітбай: «Ініме хат» үзінді.

2-оқушы бірге тұрып ( Әлия мен Мәншүк болып)

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар.

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Бірақ ерте тым, ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық ұл мен қыз.

1-жүргізуші: Өр тұлғалы, келбетті,

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлепті,

Ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен.

Жеңіс күні Берлинде,

Рейхстагта ту тіккен!

2-жүргізуші: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнін арқанда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырылып аналар,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнін арқанда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

 

Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.

3-көрініс:

Ауыл дыбырласып, еңбек еткен кәрі-жас,

аналар, алыстан сүйіншілеген дауыстар естіледі. Сол кезде бір қыз бен әскери

киінген жігіт қарама- қарсы кездесіп, бір-біріне ұзақ қарап тұрады. Қыздың

қолында домбыра мен гүл. Жігіт домбыраны қыздың қолынан алып маңдайына басады

да, ақырын шертіп М.Мақатаевтін «Дариға қыз» әнінің бір шумағын айтады.

Жігіт:

Жеңдік қой жауды, арман не құрбым.

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс,

Келетін қайтып, өлеңімді айтып,

Қайда екен, қайда, дариға сол қыз?

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс,

Қайда екен, қайда, дариға сол қыз.?

Просмотров: 361

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст