«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

10.05.2017

Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын

талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш

ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу..

Қолданылған көрнекіліктер; «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Барысы:

1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Дильназ : Фашистік Германияның мақсаты бүкіл

кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф

Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа

біздің ауданнан 11 мың адам аттанып, 6 мыңы майдан даласында ерліктің үлгісін

көрсетіп қаза болды. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6 мың боздақтың, 2 мың кеңес

Одағының Батыры, 16 Еңбек Ерінің есімдері алтын әріппен жазылды . Осыдан бес

жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» алаңын ашып, алғаш гүл

шоғын қойды. Жеңістің 61 жылдығында «Алып анаға» арналған ескерткіш тұғырына

«Ұлы Жеңістің 100 жылдығында болашақ ұрпақ ашып оқысын» деген мақсатта хат

жазып қалдырылған. Бұдан бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200

болса, бүгінгі таңда ауданымызда 50-і, қалада 21-і қалып отыр.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер

біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін

мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет

көрсетейік.
Ғазиз
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар,

жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Асылай
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Азат «Сақ

болыңдар, тірілер!» атты өлең оқылады.
Кәусар
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Мөлдір
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды
Ән «День Победы» Азат,Бақтияр,Ғазиз,Дәурен,Оразалы,Нұртуған,Мадияр Дәурен

Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалысса,

Әйелдер терін төкті майдан үшін Оразалы
Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Көрініс:

«Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған

еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»
Камила

Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді,

қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен

өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Қарақат , Камила: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Тамирис

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді

ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

 

Просмотров: 408

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст