Сынып
сағатының есебі
Тақырыбы: Таза ауыз су
Сыныбы:
6
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға
ауаны, суды ластамауға шақыру.
Логикалық
ойлау қабілеттерін, анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға
үйрету.
Отан сүйгіштікке,
қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сынып сағатын
өткізу барысында оқушылар адам денсаулығының қымбаттығын түсінді. Денсаулықты
сақтаудағы таза ауыз судың маңыздылығын білді. Адам күн тәртібін сақтап, таза
ауыз суды пайдалану керектігін білді. «Таза
ауыз су» атты тәрбие сағатында денсаулық туралы, таза су туралы, су ішудің маңызы
туралы айтылды. Денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдысымен тәртібіне дағдыланды.
Педагогикалық маңыздылығы: Оқушылар тақырыпқа байланысты
толықтай мәліметпен танысып, өзіндік ойларын ортаға салды.Таза ауыз суды
пайдалану, күн тәртібінде қай мезгілдерде су ішу, күніне қанша литр суды қалай ішу керектігі жайлы ақпарат алып, білімдерін
толықтырды. Көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тақырыпқа
байланысты оқушылардың білгісі келетіндері шексіз, Оқушылар білмеген, естімен нәрселерін интернет
жүйесінен, кітапханадан ізденіп, білімдерін одан әрі қарай толықтыра
түсетіндіктерін айтты.