«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ФОРМАСЫ ЖАЙЫНДА АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА‼️‼️‼️

19.07.2024

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ФОРМАСЫ ЖАЙЫНДА АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА‼️‼️‼️
Мектеп формасы – бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі балаңыз көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.
Осыны негізгі ала отырып, барлық орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстерден болуы шарт.
Жаңа 2024-2025 оқу жылында мектебіміздің мектеп формасына қойылатын талаптарын ұсынамыз:
Түсі бірыңғай қара көк түсті болуы керек.
Ер балаларға пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек ұсынылады. Оларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең көлемде пішіледі. Жеңі, жағасы жоқ киімдер киюге тыйым салынады. Аяқ киімі классикалық стильде болуы керек.
Қыз балаларға пиджак, желет, белдемше, классикалық үлгідегі жейде, қысқы мезгілде сарафан, тоқыма желет киюге болатын болса, жеңі, жағасы жоқ киімдерге рұқсат етілмейді және белдемше ұзындығы тізеден түсіп тұруы керек.
Ер балараға мерекелік форма ақ көйлекпен, қыздарға ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады. Спорттық киімге ортақ спорттық кастюм және аяқ киім жатады.
Сондай-ақ, түрлі конфессиялардың діни киімдердің элементтері болуына рұқсат берілмейтінін ескертеміз.

Просмотров: 1151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст