Текст
«Балақай мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 26.07.2024ж сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Оқушылар математика сабағынан екі санын таңбалап,бастырып жазды және сызықша элементтерін жазды.Сауат ашудан көркем жазуды әдемі жазуға ерекше зейін қойды. Бейнелеу өнері сабағында берілген суретті таза бояу. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әр тапсырманы қатесіз орындауға тырысты. Сондай-ақ балалар топпен ән айтып, дене шынықтыру сабағынан би жаттығуларының элементтерін биледі.