Текст
«Балақай мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 30.07.2024ж сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Оқушылар математика сабағынан қосу,азайту белгілерін сызып, 4 санын таңбалап,бастырып жазды.Сауат ашудан Аа әрпін көркем жазуға ерекше зейін қойды. Қоршаған орта сабағында отбасылық суреттер салды,ермексаздан үй жануарларының бейнесін жасады, суреттерді бояуды. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әр тапсырманы уақытында орындауға тырысты. Сондай-ақ балалар дене шынықтыру сабағында жіппен секіріп, доппен ойнап, шығыршық айландырды.