Текст
«Балақай мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 01.08.2024ж сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Оқушылар математика сабағынан үлкен-кіші салыстыру белгілерін сызып, 5 санын таңбалап,бастырып жазды.Сауат ашудан Ә әрпін көркем жазуға ерекше зейін қойды. Қоршаған орта сабағында жеміс -жидектердің суреттерін салды,ермексаздан жеміс жидектің бейнесін жасады, суреттерді бояуды. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әр тапсырманы уақытында орындауға тырысты. Сондай-ақ балалар дене шынықтыру сабағында жіппен секіріп, доппен ойнап, шығыршық айландырды.