"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Осы акция аясында аз қамтылған отбасынан шыққан 1- сынып оқушыларына аудандық оқу бөлімі қорынын мектеп сөмкесі және кеңсе заттары берілді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.