«Жолымбет №2 орта мектебі»
Ағылшын тілі пәні бойынша
өткізілген іс-шаралар қорытынды есебі
19 ақпан - 02 наурыз 2018жыл
Ағылшын
тілінен онкүндік шараларды өткізу үшін алынатын тақырыптары, қолданылатын
әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру түрлері барлық кезеңдерде ережеге сай болу қажет.
Барлық іс-шаралар қойылған мақсатына және міндеттеріне сай болу қажет. Өткізу
барысында ұстаздың ұстанымдары мен қолданылатын әдіс-тәсілдері арқылы педагог
ретінде қалыптасқан тұлғаны көруге болады.
Негізгі қағидалардың бірі ол қатысуға өз еркімен келісу және оқушы саны арта
беру, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарап, негізгі сабақтарымен
байланыстыру.
Ағылшын тілі пәнінен апталық шаралары –
мектептегі атқарып жатқан жұмысының көрінісі, шығармашылық есеп берумен
теңестіруге болады. Іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың қаншалықты
жақсы меңгеріп алғанын, тілдік білімдерін қандай деңгейде және болашақта
мүмкіндіктері мол екеніне сенім пайда болады.
Апталықтың
мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және пәнге деген
қызығушылық арттыру.
Міндеттері:
· Алған білімдерін бір жүйеге келтіру,
іс-тәжірибеде қолдану, тілдік құзыреттілігін арттырып, әлемдегі шет тілдің
таралуын айқындау.
· балалардың жас ерекшеліктеріне,
тәрбиесіне назар аударып жеке бағытталған іс-әрекеттерді жасау;
· өз деңгейінде орындай алатын
тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың апталықтың басты кейіпкеріне
айналдыру.
Іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың оқу, тілдік және ауызекі сөйлеу
қабілеттерінің арттыруы. Жеке және топтық жұмысының ерекшеліктеріне назар аудару.
Барлық іс-шараларда түрлі әдіс-тәсілдері қолданылады. Оқушылардың
жауапкершілігі артып, алға қойған мақсатқа жете білу.
Мектептегі ағылшын тілінен өткізілетін іс-шаралардың
кезеңдері
I кезең (дайындық) іс-шаралар жоспарын құрудан
басталады.
-
Барлық іс-шаралардың өткізілетін
кабинеті, уақыты айтылды.
-
Іс-шараларға қажетті материал дайындалды.
Оқушыларға
табыстайтын грамота, алғыс хаттар дайындалды.
II кезең – апталық іс-шаралары. Апталықтың алғашқы күні жалпы
апта бойы жоспарымен таныстырылды. 7сыныпта арнайы Неге біз ағылшын тілін
үйренеміз атты дебат жүргізілді. 5-сыныбында
«Ашық сабақ» өткізілді. Жаңа бағдарлам бойынша оқып жатқан сынып болғандықтан
арнайы осы сыныпты таңдадым. Жалпы жаңа бағдарламаны кім қаншалықты қабылдауда
деген сұраққа жауап ала білдім. Оқушылар деңгейі әр-түрлі бірақ пәнге деген
қызығушылықтары жақсы. Жаңа бағдарлама, жаңа кітап, жаңа түсінік оқушылар үшін
өте қызықты әрі болашақта керек ұғым. Бастауыш сынып оқушыларының арасында ең
үздік ағылшын тақпағы сайысы өтті. 5-11 сыныптар арасында, Менің ағылшыным атты
шығармалар жарысы болды.
III кезең - қорытынды есеп беру. Апталықтың соңында
есеп берілді. Өткізілген іс-шараларды іс-қағаз жүзінде фотоларымен тапсырылды.
Пән мұғалімі:
Кенжебай Күлшаш