Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтау қажет. Көлік құралын басқаруды балаларға, әсіресе мопедтер мен жеңіл мотоциклдерге тапсырмас бұрын, олардың санаттары мен рұқсат түрлерін түсіну керек. ПБ қызметкерлері ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары үшін мопедпен жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. ЖҚЕ және “ҚР Жол қозғалысы туралы” Заңына сәйкес: 1.Мотоцикл-қозғалтқышының көлемі 125 текше сантиметрден асатын, басқаруға “А” құқық санаты бар 18 жастан асқан адамдар жіберілетін, қауіптілігі жоғары көлік құралы.
2. “А1”құқықтарының кіші санаты — оған шекті жылдамдығы 50 км/сағ — тан асатын және кубатурасы 125 текше сантиметрге дейінгі (ең жоғары қуаты-11 кВт-қа дейін) трициклдер, Мотоциклдер, мопедтер және квадроциклдер жатады. Он алты жасқа толған адамдар осы ішкі санатты ала алады. Жасөспірімдер мен 16 жасқа дейінгі балаларға мұндай көлікті басқаруға тыйым салынады.