29 тамыз күні мектебімізде жаңа оқу жылын бастау, ұстаздар құрамымен таныстыру, негізгі мақсаттарды айқындау мақсатында кезекті педагогикалық кеңес өтті.. Күн тәртібінде: 1. Жаңа 2024-2025 оқу жылындағы өзгерістер.
2. Оқу жүктемелері. 3.Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы өзгерістер. 4.Lesson study оқу үдерісін жалғастыру. 5.Әр түрлі сұрақтар. Бірінші болып сөз алған мектеп директоры А.Молдобаева ұстаздар қауымын оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа оқу жылына, табыстар, жетістіктер тілеп, оқу жүктемелері, сынып жетекшілермен таныстырды. Кезекте сөз алған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Е.Амет “Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы” өзгерістерге тоқталып, жаңа бағыттардың мақсат, міндеттерімен таныстырды. Оқу ісінің меңгерушісі А.Шайзан Lesson study оқу үдерісі бойынша сыныптарға тоқталып, жаңа оқу жылында қай сыныптарда оқытылатынын таныстырды. Педегогикалық кеңесті әр түрлі сұрақтармен қорытындыланды.