2024 жылдың 9-20 қыркүйек күні аралығында мектебімізде “Мемлекеттік тіл — Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл” атты тілдер онкүндігі өтті. Мақсаты-қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім -тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог -ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Апталықтың жабылуында тілдер апталығында өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, жүлдегер атанған, нағыз тіл жанашыры бола білген білім алушыларды марапаттау рәсімі болды. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік.