❗️Балам аман болсын десең. Қауіпті ойындар тізімі❗️
❗️Бұл мазмұны ата-аналарға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен “Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі ықтимал. Бұлардың ең қауіптісі: “ “Тихий дом”, “Разбуди меня в 4:20”, “Море китов”, “Синий кит”, “Красный дельфин “, “Млечный путь”, “U19”, “F57”, “ SchoolBoy RunaWay -Stealth”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ мектеп басшылығы қауіп-қатердің алдын алу үшін балалармен жиі сөйлесіп, олардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға алуға кеңес береді.
✅ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС
• Контентті бақылауға алу. Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;
• Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;
• Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;
• Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;
• Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;
• Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;
• Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізді бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.